Негізгі мазмұнға өту
← Барлық өнімдер
ЦИСТАНОРМ УРО

БАД

ЦИСТАНОРМ УРО

Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрілік зат болып табылмайды. Қолдану саласы: тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде — C және B6 дәрумендерінің, мырыштың, селеннің және магнийдің қосымша көзі, антоцианидиндер көзі ретінде ұсынылады.

Сипаттамасы

Компоненттердің функционалдық қасиеттері: Мүкжидек сығындысы — несеп шығару жолдарының қызметін қолдайды. Қызылша сығындысы — зат алмасу үдерістерін және сұйықтықтың шығарылуын қолдайды. Қаражидек сығындысы — тіндердің антиоксиданттық қорғанысын қолдайды. Ақжелкен сығындысы — сұйықтықтың шығарылуына ықпал етеді, бүйрек қызметін қолдайды. Магний — бұлшықет тонусын және жалпы метаболизмді қолдайды. C дәрумені — иммундық қорғанысты қолдайды. Мырыш — ерлер денсаулығы мен иммундық қызметті қолдайды. Селен — репродуктивтік қызметті және антиоксиданттық қорғанысты қолдайды. Қарсы көрсетілімдер: компоненттерге жеке төзбеушілік, жүктілік, емшек емізу кезеңі, 18 жасқа дейінгі жас. Сақтық шаралары: қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады. Сақтау шарттары: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек. Жарамдылық мерзімі: 48 ай. Өндіруші және оның орналасқан жері: Pharmacy Lap Group LLC, Szeroka көшесі 33, 05-075 Варшава, Польша. Брендті ілгерілету жөніндегі уәкілетті тұлға және оның орналасқан жері: «Марина Фарма Индастриз» ЖШС (Marina Pharma Industries LLP), Қазақстан Республикасы, Алматы қ. E-mail: info@marinapharma.kz Тел.: +7 701 084 13 12 Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және берілген күні: № KZ.16.01.98.003.R.000141.03.26, 13-03-2026 ж. Өнім ТР ТС 021/2011, ТР ТС 022/2011, ТР ТС 029/2012 және ТР ТС 005/2011 талаптарына сәйкес келеді. ISO 22000:2018.

Құрамы

Құрамы (1 таблеткада): Белсенді заттар: магний — 100 мг C дәрумені — 100 мг мүкжидек сығындысы — 50 мг қызылша сығындысы — 50 мг қаражидек сығындысы — 25 мг ақжелкен сығындысы — 10 мг B6 дәрумені — 2 мг мырыш — 7,5 мг селен — 50 мкг.

Қолдану тәсілі

Қолдану жөніндегі ұсынымдар: ересектерге тамақтану кезінде күніне 1–3 рет 1 таблеткадан, жеткілікті мөлшерде сумен ішіп қабылдау керек. Қабылдау ұзақтығы: 15–30 күн.

Қаптамасы

Шығарылу түрі: №30 таблетка (бір таблетканың массасы 750 мг). Қаптамада 15 таблеткадан 2 блистер. Таблетканың сипаттамасы: ашық күлгін түсті, дөңгелек, екі жағынан дөңес таблетка.